14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

14 Желтоқсан 2022, 08:42 1695

«Қазгидромет» сәрсенбі күні күн райының қандай болатынын айтты

14 желтоқсан күні ел аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаяу бұрқасынмен қар, оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, оңтүстікте тұман, оңтүстік-батыста көктайғақ болады.

EL.KZ
Бөлісу: