14 ақпанға арналған ауа райы болжамы

14 Ақпан 2023, 09:01 1019

Қазгидромет 14 ақпан күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Солтүстік-батыс циклон жырасының әсерінен, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында қар, оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Тек республикамыздың солтүстік жартысында, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында – ауа райы жауын-шашынсыз.

Ел аумағының басым бөлігінде тұман түседі.

EL.KZ
Бөлісу: