135 шақырымдық ASSYL TULPAR бәйгесі өтеді

19 Маусым, 22:32 623

2024 жылдың 21 шілдесінде Абай облысы, Ақсуат ауданында  135 шақырымдық аламан бәйге өтеді.  Бұл бәйге биыл Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынын қолдау мақсатында ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақтың ұзақ жүріске шыдамды қазанаттарын һәм Алаштың атқа мығым отыратын, шымыр шабандоздарын анықтау мақсатында өткізілетін бәйгеге еліміздің барлық облыстары мен мегаполистерінен 100 ден аса сәйгүліктер қатысады деп күтілуде. 135 шақырымдық аламан бәйгенің жеңімпазына шетелдік автокөлік сыйға беріледі. Сондай-ақ үздік жетілікке кірген қатысушыларға да қомақты қаржылай сыйлық үлестіріледі.

Бәйге – қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрлі ұлттық құндылығы. Жалпы бәйге – ұлттық бәсеке. Өйткені жүйрік ат шыққан жердің абыройы артады. Демек жүйрік ат дегеніміз – көшпелі қауымның, елдің беделін көтеретін ұғым, түсінік және символ. Жүйрік атты табу, баптау деген секілді ғылыми негіздер қазақта ежелден қалыптасқан. 135 шақырымдық аламан бәйгенің басты мақсаты да сол- қазақтың атбегілік өнерін дамыту», -дейді жарысты ұйымдастырушы Аян Сембаев.

Сондай-ақ, осы күні 25 шақырымдық аламан бәйге мен 15 шақырымдық топ бәйге өтеді. Бұл қашықтықта да оза шапқандар темір тұлпарды тізгіндейді. 

Аталған бәйге жыл сайын дәстүрлі түрде толықтай жалғасатын, халыққа рух сыйлап, мерейін өсіретін «Асыл бесік – Ақсуат» өнер және спорт фестивалі аясында өтпек.

Перизат Саденова
Бөлісу: