12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқаны анықталды

11 Сәуір 2022, 15:51 2915

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Орталық Коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңындағы өткен баспасөз маслихатында ресми мәлімдеме жасады.

Бас прокуратура қаңтар оқиғасына байланысты қылмыстық істердің тергелу барысы туралы хабарлады. Аталған істерді тергеп-тексеру нәтижесімен бөлісіп, олардың мән-жайына тоқталды.

– Прокурорлар 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың жаппай тәртіпсіздікке қатысқанын анықтады. Олардың ішінде ең белсенділері ретінде Жұмагелдиев (Дикий Арман), қазақстандықтар және Айшуақ Жантүгел   танылды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі қамауға алынды. Оның ішінде 4-еуі қылмыс овторитеттері. Бұл қылмыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау және жауапқа тарту үшін барлық қажетті шаралар қаралады, – деді Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Қилымжанов Елдос Тоқтасынұлы.

Бас прокурордың орынбасарының мәлімдеуінше бүгінгі күні жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу бойынша 547 адам күдікті ретінде танылып, олардың 269-ы қамауға алынған.

– Алматы қаласында ағымдағы жылғы 25 наурызда Ш. Есімді азамат қамауға алынды. Ол қаңтар қасіреті кезінде «Анна» қару дүкенінен винтовканы жымқырып, әуежайға, Полиция департаментіне және Алматы қаласы Алмалы ауданының Полиция басқармасына шабуыл жасады ,– деп мәлімдейді Бас прокурордың орынбасары.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары Н есімді азаматты анықтаған. Ол 5 қаңтар күні бір топ адаммен ҚазЭр новигация ғимаратын басып алып, Алматы қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының жарықтандыруын өшірген.

– Прокурорлар ағымдағы жылғы 4 сәуірде Алматы қаласы әкімдігінің алдында жаппай тәріпсіздікті ұйымдастырғаны үшін Алматы облысының 10 тұрғынын ұстады. Шымкент қаласында жаппай тәрітпсіздікті қаржыландыру және 5 қаңтарды қала әкімдігі мен Полиция Департаментіне шабуыл жасау кезінде қолданылған арматураны, тастарды жеткізу, ұйымдастыру бойынша С есімді азамат ұсталды. Сондай-ақ Шымкент қаласы алаңында жаппай тәртіпсіздіктің 52 қатысушысы анықталды, – дейді Елдос Тоқтасынұлы.

Бас прокурордың орынбасары берген мәліметке сенсек, бейнежазбалар арқылы 12 арандатушыны анықтауға қол жеткізген. Жамбыл облысында осы жылдың 18-31 наурыз аралығында 5 ұйымдастырушы, 11 арандатушы және жаппай тәртіпсіздіктің 140 белсенді қатысушысы анықталып, ұйымдасқан қылмыстық топтың 2 лидері қамауға алынған.

Акжан Ибрагимова
Бөлісу: