12 шоқ гүл үшін 12 миллион айыппұл арқалау қаншалықты әділетті? Министр жауап берді

Кеше, 12:34 889

Үкімет отырысының брифингінде қызғалдақты жұлғандарға қатысты мәселеге экология және табиғи ресурстар министрі түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еске сала кетейік, жақында Түркістан облысында қызыл кітапқа енген қызғалдақты жұлғаны үшін бір әйелдің басы дауға қалып, 12 миллион теңге айыппұл арқалауы мүмкін екені айтылған еді. Бұл оқиға қоғамда кең талқыланып, әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды. Көпшілік экологиялық заңнаманың қатаң орындалуы мен табиғатты қорғау мәселелеріне ерекше назар аударуда.

Заңға сәйкес, ешкім ол кісіге артық кетіп жатқан жоқ. ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді жұлғаны үшін 3000-нан 7000 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Бұл – заң аясында қабылданған жаза. Қызғалдақтың бұл түрі – өте сирек кездесетін өсімдік, әрі Қызыл кітапқа енгізілген. Бір маусымда ғана гүлдейтін, жоғалып кету қаупі жоғары бұл табиғи байлықты сақтау — баршамыздың міндетіміз, – деді министр Ерлан Нысанбаев.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: