118 партиялық тізім бойынша 1447 кандидат тіркелді

18 Ақпан 2023, 10:37 1223

ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу шеңберінде партиялық тізімдерді тіркеу қорытындылары, сайлау алдындағы үгіт, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу мәселелері ОСК-ның он төртінші отырысында талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Отырыста ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров партиялық тізімдерді тіркеу қорытындыларына тоқтала кетті.


«Барлығы 118 партиялық тізім бойынша 1447 кандидат тіркелді. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 199 кандидат, «AMANAT» партиясы – 692 кандидат, «Ауыл» халық-демократиялық партиясы – 136 кандидат, Қазақстанның «Байтақ» жасыл партиясы – 89 кандидат, Қазақстан Халық партиясы – 172 кандидат, «Respublica» партиясы – 159 кандидат ұсынды. Әйелдер, жастар саны жиынтығы бойынша 39,2 пайыз болды», - деді ол.


 
Тіркелушілердің жасы кішісі 2003 жылғы, ең үлкені 1942 жылғы. Ал 29 жасқа дейін 19 адам тіркелді.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: