«1000 донер тегін таратылады»: астаналықтар төрт көшені жауып тастады

26 Қыркүйек, 11:50 666

Олжасхан лақап атымен танымал блогер Олжас Қайрат Астанада жарнама жасаймын деп, төрт көшеде қозғалыстың шектелуіне себеп болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Блогер желіде дәмхананың ашылуына орай «1000 донер тегін таратылады» деген жарнама жасаған. Дегенмен келушілер саны 4 мың адамнан асып кетіпті. Сол үшін тәртіп сақшылары да шақыртылған. Ал келушілерге донер емес, талон таратылған.

Кейіннен блогердің өзі келеңсіздік үшін кешірім сұрап, ұйымдастырушылардың қонақтармен суретке түсуге рұқсат бермей қойғанын айтып ақталды.

Осылай болып кетеді деп ойламадық. Бұл жоспардан тыс болды. Мен үшін келгендіктен, барлығына шығып суретке түскім келді. Алайда маған рұқсат бермеді. Кешірім сұраймын, - деді Олжас Қайрат.

Ал қалалық Полиция департаменті ұйымдастырушылардың тұлғасын анықтап, жеке кәсіп иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын алға тартты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: