"100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін рахмет". Димаш Құдайберген өмірден озған атасы туралы жазба жариялады

18 Маусым 2023, 11:53 639

Таядау атасы қайтыс болған белгілі әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде жүрек елжіретер жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Өнер иесі атасының өзіне берген тәлімі үшін алғыс айта келе, оның жарқын бейнесін ешқашан ұмытпайтынын атаған. 

Рахмет, папа… Маған берген қанаттарың үшін, маған көкке қалай көтеріліп, көкжиегімді кеңейтуді үйреткенің үшін, 100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін… Саған деген алғысымды сөзбен жеткізе алмаспын. Айтқандарымнан айтып, үлгермегендерім көп. Қош бол,әкетай! Мәңгі жүректесің! Жаның жұмақтан орын тапсын. Сенің,кенжетайың… Барлық көңіл айтып жатқан ағайындарға, Алла разы болсын! Отбасыларыңызда қайғы-мұң болмасын, - деп жазды әнші желіде. 

Бұған дейін El.kz Құдайберген Айтбаевтың қайтыс болғаны туралы жазған еді. Кейін марқұмның қазасына орай мемлекет басшысы көңіл айтты

Асқар Таудай
Бөлісу: