10 033 учаскеде дауыс беру жүргізіліп жатыр

20 Қараша 2022, 08:32 1025

Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының  хатшысы Мұхтар Ерман мәлімдеді

Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының  хатшысы Мұхтар Ерман мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Орталық  сайлау комиссиясының 8.00-дегі брифингі барысында дауыс берудің соңғы мәліметтері туралы орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты.

Елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, ел аумағында барлық 10033 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 17 учаске дауыс беруге кірісті. Шетелдегі 51 учаске дауыс беруге уақыт белдеулерінің айырмашылығын ескере отырып кіріседі,- деді ол өз сөзінде.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтар саны - 11 950 485 адамды құрап отыр.

Дауыс беру Қазақстан Республикасының барлық өңірлері бойынша 8.00-де басталып, Сингапур, Ресей, Қытай, Қырғызстан секілді 11 шетелдегі Қазақстан учаскелері де жергілікті уақытпен өз жұмыстарына кірісен бастайтыны туралы айтылды.

 

EL.KZ
Бөлісу: