1 тамыз - қазақтың тұңғыш органолог ғалымының туған күні

1 Тамыз, 13:01 694

Бүгін – қазақтың музыка аспабын жасаушы шебер Қамар Қасымовтың туған күні, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Қамар Қасымов – қазақтың дәстүрлі көне музыкалық аспаптарын жетілдіру ісімен айналысқан тұңғыш органолог.

Ол XX ғасырдың 1920-1930 жылдардағы мәдени бетбұрыстардың бел ортасында болып, көне қылқобызды, сал-серілердің тоғыз пернелі қара домбырасы, дауылпаз бен шыңдауылды, сыбызғыны классикалық аспап дәрежесіне дейін жетілдіріп, оркестрлік шығармаларды орындауға лайықтап жасады.

Ол жасаған аспаптар көптеген халықаралық көрмелерге қойылды және бүгінде Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы, Семей қалаларындағы мұражайларда сақтаулы.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: