1 шілдеден елімізде ішімдік қымбаттайды

14 Маусым 2023, 12:00 1123

1 шілдеден бастап елімізде ішімдік бағасы қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ашық НҚА порталында Қаржы министрінің бөлшек саудада өткізу үшін араққа қойылатын шекті бағаны көтеру туралы бұйрығының жобасы жарияланды.

Оған сай, 1 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта ішімдіктердің бөлшек саудадағы ең төменгі құны былай белгіленді:

– арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 1 980 теңге.

– коньяк пен брендидің бір литрі – 2 930 теңге.

Ал 1 қазаннан ішімдіктің ең арзан бағасы келесідей болмақ:

– арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 2 100 теңге;

– коньяк пен брендидің бір литрі – 3 110 теңге.

Қаржы министрінің бұйрығы 26 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін ведомство басшысына жолданады. Содан соң, яғни 1 шілдеден күшіне енеді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: