1 қыркүйектен бастап мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі

Бүгiн, 14:04 191

ДСМ басшысы Ақмарал Әлназарова мектептегі тамақтану реформасы ведомствоның басты міндеттеріміздің бірі екенін атап өтті. Сол үшін де жаңа стандарттар әзірленген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігі Білім министрлігімен, бейінді отандық және халықаралық сарапшылармен бірлесіп, ғылыми деректер мен халықаралық ұсынымдардың негізінде мектепте тамақтанудың жаңа стандартын әзірледі. Ол 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап елдің барлық білім беру ұйымдарында күшіне енеді, - деп жазды ол.

Министрдің айтуынша, соңғы жылдары балалардағы семіздік, II типті қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, тісжегі және аллергия жағдайларының өсуі байқалған. Бұл көбінесе теңгерімсіз және зиянды диетаға байланысты.

Сараптамалық бағалауларға сәйкес Стандартты қатаң сақтау:

Әлназарова диетаны жаңартумен қатар, мектеп асханаларының тамақтану қауіпсіздігі мен санитариялық жағдайын бақылау күшейетінін тілге тиек етті.

Мемлекеттік бақылауға жаңа тәсілдер енгізілуде:

Оның сөзінше, бұл шаралар тамақтану жағдайларын объективті бағалауға және бұзушылықтарды уақтылы жоюға бағытталған.

Біз бұл қадамды балаларымыздың денсаулығы үшін жасаймыз және білім беру жүйесінің барлық қатысушыларын жаңа талаптарды жауапкершілікпен және адал орындауға шақырамыз, - деп қосты министр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: