1 қыркүйекте Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

31 Тамыз 2023, 22:25 850

Іс-шара 1 қыркүйек 13:00-де басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттар тұтынушылардың құқықтарын қорғау, әкімшілік сот төрелігін жетілдіру және кеңейту мәселелері туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдап, ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.

Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайтынан, Мәжілістің YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан көре аласыз. Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызды оқи жүріңіздер, - деп хабарлады Мәжіліс баспасөз қызметі.

Перизат Саденова
Бөлісу: