Оқу-ағарту министрлігі өкілдері 1 қыркүйекке қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйек - жексенбі күні алғашқы қоңырау өтеді.
Дәстүр бойынша алғашқы қоңырау 1 қыркүйекте бүкіл Қазақстан бойынша өтеді, - дейді министрліктегілер.
Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қалада 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау өтпейтінін мәлімдеген еді. Алайда қала әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Алматыда Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар 1 қыркүйекте қаладағы барлық мектепте өтеді. "Білім күні" 1 қыркүйекте 1-сынып оқушыларының қатысуымен "Мектебім – мейірім мекені" тақырыбында салтанатты іс-шара түрінде өткізіледі, - делінген ведомство хабарламасында.