1 қаңтарда жедел жәрдемге 33 мыңнан аса шақырту түскен

3 Қаңтар 2023, 21:04 1837

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа жылдың алғашқы күнінде қанша қазақстандықтың жедел жәрдем көмегіне жүгінгенін жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Дерекке сүйенсек, 1 қаңтардағы жұмыс тәулігінде еліміз бойынша 33 370 шақырту қабылданыпты. Бұл орташа айналымнан 20 пайызға жоғары көрсеткіш көрінеді. Министрліктегелер бұл шақыртуларды 4 санатқа бөлген. Олар мыналар:

Бірінші санатындағы қоңыраулар 4 пайыз болды. Бұл негізінен кеудедегі ауырсыну, шок, тыныс алудың тоқтауы және басқа жағдайлар.

Ал екінші санатындағы қоңыраулар 23 пайыз болды. Бұл санатқа жүрек қағысының бұзылуы, атипті ауырсыну немесе оқшауланған жарақат сияқты және басқа да шақытулар жатады.

Шұғылдылықтың үшінші санаты бойынша шақыртуға ЖМК бригадалары 9,5 мыңнан астам жағдайда шыққан.

Ең үлкен үлес — 4-санат. Бұл созылмалы аурулардың асқынуы. Бұл тұрғыда қоңыраудың 45 болған.

EL.KZ
Бөлісу: