Қазақстанда көктемгі кезеңде республикалық маңызы бар автожолдарды сақтау мақсатында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, 1 наурыздан 1 сәуірге дейін жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық көліктерге «бесінші жол климаттық аймаққа» жататын келесі облыстарда жүруге тыйым салынады:
Алайда халықаралық жүк және жолаушылар тасымалына, төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын көліктерге, гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түліктерді, дәрі-дәрмектерді, жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын көліктерге, жол-құрылыс жұмыстарына пайдаланылатын көліктерге бұл шектеулер қойылмайды, - делінген хабарламада.