Мамандардың айтуынша, көктемнің үшінші айының алғашқы күндерінде Жерде магниттік дауыл болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1 және 2 мамырдағы магниттік дауыл: күштілігі қандай және қашан басталады
Күтпеген және қуатты геомагниттік дауыл 2025 жылдың 30 сәуірі күні сағат 23:00-де басталуы мүмкін. Оның күші G2 деңгейіне (Kp 6) дейін жетеді деп болжануда. Дауылдың әсері жер шарының көптеген аймақтарында сезіледі. Бұл ғарыштық қолайсыз ауа райы 1 және 2 мамыр күндері жалғасады.
Метеосезімтал адамдар осы күндері өзін нашар сезінуі мүмкін: бастың ауыруы, қан қысымының ауытқуы, ұйқысыздық және ашушаңдық байқалуы ықтимал.
Бұдан бөлек, электроника, навигациялық жүйелер мен радиобайланыс жұмыстарының бұзылу қаупі бар. Сондай-ақ әдетте байқалмайтын өңірлерде де жарқын полярлық шұғыла көру мүмкіндігі бар.