Әлеуметтік желіде Астана қаласының бас имамының үйі деп түсірілген видео тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Видео авторы зәулім сарайды мешіт деп ойлап қалғаны көрінеді. Кейіннен оның бас имамның үйі екенін естіген.
Астана қаласы бас имамының үйі екен. Ал енді садақа беріңдер. Әр жұма сайын салған садақаларың қайда кетіп жатыр? Қалтаға кетіп жатыр бәрі. Не деген сарай мынау!? Төрт әйелі және жеке аспазы бар екен. Сендердің садақаларыңмен жалақысын төлейді. Мынаның арғы жағын көрсең, 1 гектар жерді қоршап алған, – дейді ол.
Дегенмен елорданың бас имамы Ерболат Жүсіпов бұл ақпаратты жоққа шығарып, мұны ол діннің айналасында жүрген азаматтарға күйе жағу деп атады.
Қазір әлеуметтік желіде Ислам дініне және діннің айналасында жүрген азаматтарға күйе жағу мәселесі белең алды. Ондай адамдар тым шектен шықты деп айтуға болады. Ең әуелі Алла оларға хидаят берсін дейміз. Facebook, TikTok әлеуметтік желісінде белгісіз бір азамат жалған аккаунт арқылы «Мынау тұрған зәулім үй Астана қаласының бас имамының үйі» деген мазмұнда видео бөліскен. Бұл мүлдем шындыққа жанаспайтын өтірік ақпарат екенін қаперлеріңізге саламын, – деп мәлімдеме жасады бас имам.
@tulpar998 ♬ оригинальный звук - Академик