1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцинация басталады

9 Қыркүйек 2022, 20:40 1570

Тұмауға қарсы вакцинаның 2,3 млн дозасы сатып алынды

Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова ОКҚ кулуарында халықты тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды El.kz

Айжан Есмағамбетова 1 қазаннан бастап елде тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталатынын еске салды.

«Жыл сайын эпидемиялық маусымның басталуына дейін біз вакцинация науқанын өткіземіз. Осылайша адамдардың иммунитеті нығая түседі», деді вице-министр.

Айжан Есмағамбетованың мәліметінше, бюджет есебінен тұмауға қарсы вакцинаның 2,3 млн дозасы сатып алынды. 20-25 қыркүйекке дейін вакциналарды аймақтарға бөліп жеткізу аяқталады.

Келесі санаттағы адамдар бюджет қаражаты есебінен егіледі:

«Тұрғындар өз қаражаты есебінен екпе салдыра алады. Орташа алғанда, өткен жылғы баға айтарлықтай өзгерген жоқ. Былтыр бұл шамамен 3 мың теңге болатын, биыл біз жеке секторда бұл вакцинаның қанша тұратынын әлі білмейміз», деп толықтырды Айжан Есмағамбетова.






Бөлісу: