Қ.Жұбанов

28 Тамыз 2014, 14:02

Қ.Жұбанов

Қ.Жұбанов айдауда жүрген қазақ оқығандарының ғылыми- мəдени жетістіктерін «заңды мұрамыз» деп қорғап, олардан бас тартуға болмайтынын, керісінше, олардың жетістіктерін қазақ қажетін өтейтін пайдалы мұра екендігін айтқан.

Лингвист дəрістерінде «Байтұрсынұлы кітаптарының 1-ші сыныптан жоғары дəрежелі мектептерге (ВУЗ-ға) дейін бəріне де «жарап» жүр. «Тіл – құралымен» оқытуға тый- ым салынған бола тұрса да мұғалімдердің оның кітаптарын Құрандай қолтықтап, керегін ... іздейтінін жазады. Əрі сол кезеңде жазылған жолбасшы кітаптардың «Тіл – құралынан» кем болғанын, оған зерттеушілердің айыпты екенін» баса айтады. Қазақ ұлттық ғылымының жетістіктерін кеңестік жүйе бірін ақтап, бірін даттап, олардың артында қалған мұраларын «үнсіз» сіңіріп, талдап-тануда «ала-құлалық» көрсетіп жүргенде, осы жүйедегі жеке басқа табыну саясатынан тай- салмастан тура сөйлеген Қ.Жұбанов «қара тізімдегі» ұлт зиялыларының мұраларына араша түсіп, зор адамгершілік жасағанын сөз саптауынан көруге болады. Қазақ əліпбиінің жобасы талқыға түскенде де лингвист-ғалым Қ.Жұбанов жаңа қазақ харпінің қалыптасуының негізін араб жазуымен байланыстыра отырып, қарастырады. ҚР ОММ-ның қорында мынадай дерек қатталған: «...с 1912 г., когда впервые была выра- ботана эта система и произошла реформа арабского алфавита, по 1930 г., когда арабский алфавит правительственным декретом был изъять, т.е., в течение  18  лет  казахские слова писались по этой системе, причем никаких недостатков (...) Надо заметить, что отказ от этой системы приниятем латинского алфавита произошел (...)  по  нажиму ученого совета ВЦКНА, а не по инициативе Казахстана». Қайраткердің шегелей айтқан бұл сөзі – қазақ ұлтының өз жерінде, өз Отанында отырып əліппе таңдауда еркі болмағанына жаны ауырғанын, шарасыздығын көрсетеді. Тілтанушы ғалым Қ.Жұбанов қазақ əліпбиінің түзілу тарихын тереңдеп танытуда А.Байтұрсынұлына дейін де əліпби, жазу болғанын, ағартушы-ғалым Ы.Алтынсарин жүйелеген əліпбиде кеткен «кемшіліктерді» түзегенін, ескі əліпбиді қазақ табиғатына бейімдеп, «қосар əріптерді жаңадан енгізді» деп қазақ тіл ғылымының қалыптасуы мен даму сатысына сүзгі сараптама жасайды. Əліпбиге кірген соны жаңалықты құптап, қабылдайды.

Сəбит   Мұқановтың   1932   жылы   жазылған   Алашорда əдебиеті жайлы «ХХ-ғасырдағы қазақ əдебиеті»14  атты кітабы

– əрі оқулық, əрі зерттеу сипаттағы еңбек. Бұл зерттеу еңбекте 1929 жылы «халық жауы» деп қуғынға ұшыраған қазақ зиялыларының шығармалары сыңаржақ пікірге ұшыраған. Мəселен, «І-бөлімге Ұлтшылдық, байшылдық дəуірі» деген айдар тағылып, мұнда жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ əдібиетінің өкілдері «байшыл», «ұлтшыл» деп айыптаған. Дегенмен, кеңестік жүйенің талап үдесінен шығу үшін жазылған бұл кітаптың «қудаланған халық жауларының»  мұрасын алғаш рет зерттеу нысаны етіп қарастыруымен құнды еңбек болып қалатынын бүгінгі əдебиеттанушы ғалымдардың зерт- теулерінде айтып жүр. Кітап екі бөлімнен тұрады. Социалистік ғылым-білім ілімін негіз еткен С.Мұқанов: «...Қазақ ұлты ХІХ ғасырдан бастап құрыла бастады... Октябрь төңкерісіне дейін ұлт пайда болды», ал «...Алашорда – орыс байларынан арқа сүйеген қазақ байларының партиясы» оған өңшең бай- лар қатысты, «ұлтшылдықтың туын қазақта алғаш ұстап шыққан Ахмет Байтұрсынұлы 1905 жылға дейін ұлтшыл болған жоқ» деп, ертеректе өзі де «қазақтың ұлт көсемі» деп таныған тұлғаның қайраткерлігі туралы: «...Ахметтің Ок- тябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі,  қазақ  тілі  сықылды  орындар- да оның еңбегі мол... Əр тілдің айдауында жүрген қазақ ба- лаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап,  қазақ  мектебінің  іргетасын  қалаған  алғашқы  адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес» деген айшығынан айнып шығады. Осы тарауда Алашор- да əдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармалары қарастырылып, олардың ең бастылары «А.Байтұрсынұлын жəне оның əдеби шығармасы: «40 мысал», «Маса» жинақта- рына кірген өлеңдердегі сарын «ескішілдікті» дəріптеу, бұрынғыны аңсау» деп, кеңестік идеология тұрғысынан талдайды.

Ел-шежіре

Бөлісу: