Құстар-құстар!

22 Қазан 2015, 07:00

Қазақстан жерiн бұрын мекендеген алты жүздей құс түрiнен бұл кезде қалғаны үш жүзге тарта. Солардың негiзгi бөлiгi төмендегiдей.

Қазақстан жерiн бұрын мекендеген алты жүздей құс түрiнен бұл кезде қалғаны үш жүзге тарта. Солардың негiзгi бөлiгi төмендегiдей. Құс атаулының сан түрі бар.

Аққу (қу) – иiлген ұзын мойынды, ақ қауырсынды, үйректер тобына жататын, iрi, халық киелi санайтын әдемi құс.

Сұңқылдауық аққу – қаз тәрiздес iрi, әдемi құс. Қамысты су маңын мекендейдi.

Саһар – аққудың қоразы.

Көгiлдiр – аққудың балапаны.

Ақүрпек – жүнi жаңа шыға бастаған балапан.

Қаз – мойны ұзын, суда жақсы жүзетiн, қос мекендi, еттi, жабайы және үй құсы.

Қоңыр қаз – өзен-көлдерде жүретiн қоңыр түстi жабайы қаз.

Сарыала қаз – көбiнесе көлде жүретiн сарыала түстi жабайы қаз.

Қараша қаз – жабайы қаздың, қара-қоңыр түстi, сирек кездесетiн түрi. Қызыл кiтапқа енгiзiлген.

Қара қаз – балықпен қоректенетiн, қара түстi, суда еркiн жүзетiн су құзғыны.

Қоқиқаз – мойны мен аяғы өте ұзын, қауырсыны ашық қызғылтым, кейде сұрғылт қоңыр, тұмсығы шомбал, қызыл кiтапқа енгiзiлген жыл құсы.

Ала (итала) қаз – сырт көрiнiсi қазға да, үйрекке де құсас, басы, құйрық қауырсыны қара, жемсауы мен арқасы ақ, көкiрегi сарғыш iрi құс.

Үйрек – башайларының арасы жарғақ терiмен ұласқан су құсы. Асыранды түрi де бар.

Мамыр – ұшуға жетiлмеген, отқа семiрмеген балапан.

Кежек – үйректiң қоразы.

Мисақ – үйректiң бiр түрi.

Сүңгуiр үйрек – терең сулы өзен-көлдерде жүретiн, сүйiр тұмсықты, төбесiнде айдары бар үйрек.

Сұқсыр – сұр түстi кiшкене үйрек.

Шүрегей – үйректiң ең кiшкене, ұшқыр түрi.

Сүршүрегей – тектестерiнен қауырсын ұштарындағы ақ дақтарымен ерекшеленетiн, өте сирек кездесетiн шүрегей үйрек.

Кегер – кiшкене, сұр түстi сүңгуiр үйрек.

Дарқоңыр – үйректiң бiр түрi.

Шiңкiлдек – дауысы шiңкiлдеген үйректiн кiшiгiрiм түрi.

Бiзқұйрық – ұзын құйрығы сүйiр, үйрек тұқымдас су құсы.

Зымыран – үйрек тәрiздес кiшкене ұшқыр құс.

Қасқалдақ – қауырсыны, мамығы сұр, мандайы ақ, сүңгуiр құс.

Шағала – түсi ақ шаңқан, сирағы қысқа, жүнi селдiр су құсы.

Өгiзшағала – қауырсыны ақ, арқасы ақшыл көк, тұмсығы мен аяғы сары, денесi iрi су құсы.

Түйе шағала – шағаланың iрi түрi.

Ақ шағала – түсi сұрғылттау ақ, тұмсығы сары, сирағы бозғылт су құсы.

Боз шағала – қанатының үстi қарақоңыр, басқа жерi ақ су құсы.

Қара шағала – түсi қара, қанаты, құйрығы, арқасы көк, аяғы қызыл қоңыр, тұмсығы қара жыл құсы.

Бағлан – өзен мен көл балықтарымен қоректенетiн шағын су құсы.

Құтан – денесi, екi бүйiрi қысыңқы, мойны мен аяғы ұзын, тұмсығы сүйiр, қанаты жалпақ, қысқа, құйрығы шолақ, өзен арналарын, таяз көлдердi мекендейтiн iрi құс.

Аққұтан – топшысында әдемi ақ қауырсыны бар, iрi денелi жыл құсы.

Кiшкене аққұтан – ләйлек тәрiздi жыл құсы. Қауырсыны қардай аппақ, айдарында екi қауырсыны бар, тұмсығы қара, арқа қауырсыны сусымалы, Каспий теңiзi маңын мекендейдi.

Көкқұтан – қамысты таяз суларды мекендейдi көк түстi iрi құс.

Қалбағай – желкесiнде сарғыш тұлымы бар, жалпақ қара тұмсықты аққұтанға құсас құс.

Дуадақ – қанаты үлкен, мойны жуан, жылдам жүгiретiн, баяу көтерiлiп ұшатын дала құсы.

Жорға дуадақ – тырна тәрiздестер отрядынан шыққан iрi дала құсы.

Тоқтыбалақ – дуадақтың екiншi атауы.

Жек – дуадақ тобына жататын, жақсы жүгiрiп, төмен ұшатын, өте сақ дала құсы.

Безгелдек – дуадақ тобына жататын, дене тұрқы тауық шамалас дала құсы.

Бұлдырық – шөлдi жердi мекендейтiн, сұр түстi, қара бауыр, кiшкене дала құсы.

Қарабауыр бұлдырық – кептер тәрiздес, дене тұрқы одан iрiлеу, сирек кездесетiн жыл құсы.

Шақырық – ашық даланы, құмайт жердi мекендейтiн, жалпақ қара тұмсықты дала құсы.

Тарғақ – далада, шөлейт аймақты мекендейтiн кiшiгiрiм құс.

Алсары – шағын денелi дала құсы.

Ақбауыр – қанаты ұзын, бұлдырық тәрiздi, топтанып тiршiлiк ететiн кiшкене дала құсы.

Тырна – мойны ұзын, сирағы сидиған iрi жыл құсы.

Ақбас тырна – басы, мойны, омырауы қара, ұзын аяғы санына дейiн тықыр, шекесiнде ақ айдары бар дала құсы.

Ләйлек – мойны, тұмсығы ұзын, сидам сирақты жыл құсы.

Ақ ләйлек – сирағы ұзын, қызыл, жалпақ қанатының жамылғы, желпуiш қауырсындары бар, iрi ақ түстi жыл құсы.

Торғай – сүйiр тұмсықты кiшкене құс.

Суық торғай – суық жақта қыстап қалатын торғай.

Молда торғай – төбесiнде сәлде секiлдi кекiл шашағы бар, ыстық жақты мекендейтiн торғай.

Көң торғай – шағын, тым жұпыны торғай.

Жау торғай – топтанып ұшып егiске зиян келтiретiн торғай.

Шөже торғай – төбесi сұрғылт, тамақ асты қара, қоңыр дақты кiшкене торғай.

Қараторғай – түсi қара, орманды, бақты, жазық даланы мекендейтiн торғай.

Қоңыр торғай – тамағы, көкiрегi, бауыры ақшыл қоңыр, шөлейт даланы мекендейтiн кiшкене жыл құсы.

Қамыс торғай – арқасы ақшыл қоңыр, бауыры сарғылт, суы ағыссыз не баяу ағысты қамыс өскен жердi мекендейтiн кiшкене құс.

Мақтан торғай – қауырсыны жасыл, жақсы сайрайтын жыл құсы.

Мысық торғай – арқасы сарғылт, бауыры ақшыл жасыл, қара дақты, жақсы сайрайтын кiшкене құс.

Сары торғай – түсi сарғылт, қауырсыны қызыл қоңыр, орман мен даланы мекендейтiн шағын денелi құс.

Сарықас торғай – мақтан торғай тұқымдас, қауырсыны бiркелкi қоңыр не жасыл, бауыры сарғылт дала құсы.

Шырша торғай – қылқан жапырақты ағаштардың жапырағымен қоректенетiн, тұмсығы қышқаш тәрiздi құс.

Тақтақ – iнге ұя салатын ақ құйрық торғай.

Шақшақай – ескi iндi мекендейтiн ајшыл сары түстi торғай.

Бозторғай – түсi қоңырала, қанаты ұзын, бауыры ақшыл кiшкене торғай.

Ақ қанат бозторғай – арқасы қоңыр, қанаты, бауыры ақ, қауырсыны мен төбесi сары, далалық аймақта тараған құс.

Қылқылдақ торғай – арқасы, қанаты, құйрығы қара қоңыр, мандайы, тамағы ақ, жемсауы көк жасыл, жақсы сайрайтын торғай.

Наурызек – сары бауыр, көкала түстi, аяғы жiңiшке, наурыз айында келетiн торғай, жыл құсы.

Пайыз – тау шымшығы тәрiздес, арқасы мен бауыры қоңыр, қанаты ақшыл сары торғайдың бiр түрi.

Шымшық – түсi көк, дене тұрқы торғайдай, көктемде келетiн жыл құсы. Онға жуық түрi бар.

Жұрбай – сұрғылт түстi, арқасы қоңыр жолақты, бауыры ақ, тау бөктерiнде, далада кездесетiн торғай тәрiздi жыл құсы.

Кезеген торғай – түсi жылтыр қараторғай тектес кiшкене құс.

Құр – құйрығы желпуiш тәрiздi, қара түстi, таулы, орманды жерлердi мекендейтiн тауық тұқымдас құс.

Ақ құр – түсi жыл мерзiмiне, тiршiлiк ететiн ортаға сәйкес өзгерiп отыратын тауық тәрiздес құс.

Қара құр – түсi қара, құрдық сирек кездесетiн түрi.

Ұлар – түсi сұрғылт, қырғауыл тұқымдас, таудын биiк шынын мекендейтiн iрi құс.

Шiл – құр тұқымдас, кекiлiкке ұқсас сұрғылт құс. Қанаты қысқа, алысқа ұшпайды.

Қылқұйрық – түсi қара жолақты, құйрық қауырсыны үшкiр, шiл тектес дала құсы.

Кекiлiк – тауық тәрiздес, екi бүйiрi ақ, көкшiл сұр түстi, көбiнесе таулы, тасты жердi мекендейтiн құс.

Бөдене – қырғауыл тұқымдас, егiндiкте, қалын шөп арасында жүретiн, ақшыл жолақты, кiшкене, сұр жыл құсы; бытпылдық.

Қаншыр – далалық жердi мекендейтiн кiшкене сұр құс.

Кептер – көкшiл сұр түстi не ақшыл, көкала түстi, көп үрiкпейтiн кiшкене құс. Жабайы және асыранды түрлерi бар.

Көк кептер – белiнде ақ, қанатының үстiнде көлденең екi ақ жолағы бар, асыранды кептердiң тегi.

Қарабауыр – аяқтары қысқа, денесi тығыз, кептер шамалас құс.

Балшықшы – тұмсығы өте сүйiр, сирағы ұзын, ұшқыр, жерде жылдам жүгiретiн жыл құсы.

Ақ құйрық құс – балшықшы тектес, арқасы ақ теңбiл, тамағы, бауыры және құйрығының бiраз жерi ақ, өзен-көлдi мекендейтiн құс.

Бiзтұмсық – имек бiз тәрiздi тұмсығы жоғары қайқиған, көбiнесе сазды көл жиегiнде, шалшықты жерде тiршiлiк ететiн жыл құсы.

Ақ қарқара – қауырсыны шымқай ақ, өзен мен көл маңын мекендейтiн iрi, аққұтан, ләйлек тәрiздес құс.

Ескек аяқты құс – денесi iрi, мойны ұзын, қанаты жалпақ, аяқтары қысқа жарғақ саусақты құс.

Құмыра – көгершiн тектес кiшкене құс.


Әзірлеген: Досжан Мейірім.

Бөлісу: