Құс тұмауына қарсы 6,2 мыңнан астам доза вакцина бөлінді

2 Шілде 2022, 20:58 1384

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті республикалық қордан жоғары патогенді құс тұмауының қауіп төндіретін аймақтарында барлық құс басын вакцинациялауға 6 291 доза вакцина бөлді, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Маусым айында Каспий теңізінде шамамен 78 км қашықтықта DS-04, DS-01 жасанды аралдар ауданында 1 мыңнан астам шағаланың өлексесі табылды. Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталықта өлген құсқа зертханалық зерттеулер жүргізілді, оның нәтижелері бойынша екі құстан іріктелген сынамаларда құс тұмауының вирусы анықталды. Осы сынамалар диагнозды қайта растау үшін ХЭБ (Ұлыбритания) референттік зертханасына жіберілді – делінген хабарламада.

Шұғыл шаралар өткізу (Қазақстан Республикасының аумағында жаңадан анықталған аса қауіпті) және үй құстары арасында инфекцияның таралуын болдырмау үшін ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті республикалық қордан жоғары патогенді құс тұмауының қауіп төндіретін аймақтарында барлық құс басын вакцинациялауға 6 291 доза вакцина бөлді және 12 маман жұмылдырылды.

Жалпы республика аумағында 2022 жылы үй құстарының арасында жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 16 370 180 басқа егу жоспарланған. 6 айда 6 028 810 бас егілді (жылдық жоспардың 37%).

ҰҚЖ бойынша тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында жергілікті атқарушы органдар тұрғындар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ветеринариялық дәрігерлері, аңшылар, қорықшылар және басқа да мүдделі тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Құс фабрикалары жабайы және синантропты құстардың жемге, суға және құстар ұсталатын үй-жайларға жанасуын және кіруін болдырмауды қоса алғанда, ветеринариялық іс-шараларды күшейтті – деді мамандар.

Эпизоотиялық мониторинг үшін ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықтың қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен жоғары патогенді құс тұмауын болдырмау үшін жабайы құстардың маусымдық қоныс аудару жолдарының периметрі бойынша жабайы қоныс аударатын құстарды ату бойынша шығуды жүзеге асырады.

EL.KZ
Бөлісу: