«Құнанбай» тарихи көркем фильмінің тұсаукесері

18 Мамыр 2015, 11:10

2015 жылдың мамыр айының 16 жұлдызында Астана қаласындағы ҚАЗМЕДИАОРТАЛЫҒЫНДА режиссер Досхан Жолжақсынов түсірген «Құнанбай» толықметражды көркем фильмінің тұсаукесері өтті.

2015 жылдың мамыр айының 16 жұлдызында Астана қаласындағы ҚАЗМЕДИАОРТАЛЫҒЫНДА режиссер Досхан Жолжақсынов түсірген «Құнанбай» толықметражды көркем фильмінің тұсаукесері өтті.

«Құнанбай» көркем фильмі – Қазақстанның халық артисі, режиссер, сценарист, продюсер Досхан Жолжақсыновтың режиссер ретінде түсірген екінші көркем фильмі. Мұның алдында, яғни 2008 жылы Досхан Жолжақсынов түсірген «Біржан сал» көркемфильмі жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленіп, кәсіби киносыншылар тарпапынан жоғары бағаланған болатын.

Есімі елімізге кеңінен мәлім Досхан Жолжақсыновтың киноактер ретінде де көптеген фильмдерге түскені белгілі. Атап айтқанда: «Бандыны қуған Хамит» (1979), «Алтын күз» (1980), «Көшпенділер» (2010) және т.б фильмдер – Досхан өнерпаздың киноактер ретінде алапасын арттырып, абыройын асқақтатты. Аталмыш фильмдердегі қилы-қилы кейіпкерердің күрделі образдарын шынайы сомдау арқылы Досхан Жолжақсынов актер ретінде шын мәнінде халық сүйіспеншілігіне бөленді, есімі дүйім жұртқа мәшһүр болды.

Фильм жөнінде:

«Құнанбай» фильмі – атақты дала кемеңгері, қарадан шығып хан атанған Құнанбай Өскенбайұлының өнегелі өмірінің бір кезеңін қамтиды. Құнанбай Өскенбайұлы 1804 жылы бұрынғы Семей облысы қасиетті Шыңғыстаудағы Ақшоқы қыстауында дүниеге келді.

Барлығына белгілі Құнанбайға жалпы ел билеу ісі, одан қалды ағайын арасындағы шиеленістер мен ру аралық дау-шарларды шешу оңайға түскен жоқ. Сондай сәттерде ол қашанда әділетке жүгінді. Құнанбай өз халқының жанашыр перзенті ретінде  қалың бұқара алдындағы қарызы мен парызын терең түсінді. Ол баласы Абайдан мол үміт күтті. Оны ел жастайынан ел билеу ісіне баулыды. Алайда Абай (Ибраһим) әкесі күткен межеден асып түсті. Жастайынан жанына терең ойды серік еткен Абай туған халқының данышпан перзентіне айналды. Көп жыл өткеннен кейін Абай әкесін түсіне бастады. Ұлы ойшыл ретінде қазақ халқын әлемге танытты.

Поляктың саяси ХIХ ғaсырдың  қайраткері А.Янушкевич сапарнамалық күнделігінде Құнанбайдың қайраткерлік тұлғасы туралы: “Құнанбай өңірге аты жайылған адам, қарапайым қазақтың баласы. Ғажайып ақыл-ес және жүйрік тілдің иесі. Іскер, аталастарының игілігі туралы қам жейді, дала заңдары мен Құран қағидаларының жетік білгірі, қазақтарға қатысты ресейлік жарғыларды бес саусағындай біледі, қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман. Жұрт пайғамбардай сыйлайды. Одан ақыл сұрауға жас та, кәрі де, кедей де, бай да шалғай ауылдардан келіп жатады. Тобықты руының сеніміне ие болып, болыстыққа сайланған…, әділетсіздік пен дәулеттілердің зорлығына қарсы қалқан болған” — деп сипаттайды (“Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар”, А., 1979).

Құнанбай — аса күрделі тұлға, билік тізгінін ұстаған кезіндегі қайраткерлігі қарама-қайшылықтарға толы. Ол би, болыс, аға сұлтан кезінде биліктің үш тұтқасын — қазақтың дәстүрлі заңын, патша өкіметінің “Сібір қазақтарына арналған низамын”, шариат жолын қатар ұстанды. Қазақ дәстүрінің негізіне сүйене отырып, оңтайлы шешімдерді жүзеге асырды. Қатал да әділ билік елді тезге салып, жөнге келтіреді деп білді. Барымтаға, ұрлыққа  тыйым салды. Заманның ауқымын аңдап, ертеңін болжай білді

Кинокартинада Құнанбайдың тек жеке басы ғана емес, сонымен қатар, XIX ғасырдағы қазақ қоғамының шынайы келбеті мол көрініс тапқан. Режиссерлік тың шешімдерге толы туынды қалың көпшілікке арналған. Тамашалаған көрермен қауымның қазақтың өткен ескі өміріне саяхаттап қайтқандай әсер алатынына сенім мол.  

«Құнанбай» көркемфильмінің сценарийін жазғандар: Досхан Жолжақсынов пен арамыздан ерте кеткен халқымыздың аяулы перзенті, жазушы, мәдениеттанушы, қазақ руханиятының таңғажайып құбылысы –  Таласбек Әсемқұлов.

CПИКЕРЛЕРІ:

Қоюшы-режиссері  - Досхан Жолжақсынов

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ вице-президенті, бас редакторы – Дидар Амантай

Баспасөз қызметінің басқарушысы – «Қазмедиаорталығы» Буенбаева Зарина

Композитор – Төлеген Мұхамеджанов, композитор, Лауреат Госпремии РК

Актриса – Нурсифат Салыкова (Зеренің рөлінде)

Актриса – Майра Омар( Күнке рөлінде)

Актриса – Қаракөз Сүлейменова (Ұлжан рөлінде)

Фильмді – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша жарыққа шығарған Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ.

Жанры: тарихи драма

Фильмнің ұзақтығы: 95 минут

Қоюшы-режиссері – Досхан Жолжақсынов

Сценарийін жазғандар: Таласбек Әсемкұлов, Досхан Жолжақсынов

Қоюшы-операторы: Рифкат Ибрагимов

Қоюшы-суретші: Рустам Одинаев 

Композиторы: Төлеген Мұхамеджанов

Дыбыс операторы: Руслан Қара

Режиссер-монтажер: Игорь Блидарев

Продюсері: Мейірім Кәрібозов

Басты рөлдерде: Досхан Жолжақсынов (Кұнанбай), Нұрсифат Салықова (Зере), Әліби Сырайлы (Абай), Айдос Бектеміров (Барақ сұлтан ), Майра Омар (Күңке), Қарагөз Сүлейменова (Ұлжан) және т.б.

«Кұнанбай» фильмі оның туып-өскен жерінде, ШҚО облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында және Алматы облысында түсірілді.

«Құнанбай» фильмі жалпыұлттық прокатқа 2015 жылдың мамыр айынан бастап шығады.

Бөлісу: