27 Тамыз 2014, 08:51
1929 жылы 1-мамырда өз қолымен жазған (орыс тілінде) «Өмірбаянында»: «...1901 жылдардан бастап, бала оқыт- қан кездерден бос уақыттарымда өз бетіммен білімімді толықтырдым, әдебиетпен шұғылдандым. Ал Орынборға кел- геннен кейін ең алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып, жеңілдету жо- лында жұмыс істедім. Үшіншіден, қазақ жазба жұмысын бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің [жағымсыз] әсерінен тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден,«қазақпрозасынң(яғниісқағаздар тілін, публицистика мен ғылыми тілін) жасанды кітаби си- паттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу ушін, ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым» деп жазады (Архив КазПИ им. Абая. Опись Л-1, связка № 6 «Б», д. 209).
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер ту- ралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен
«Қазақ» газетінің беттерінде білдіре бастайды. «Айқаптың» 1912 жылғы 9-10 нөмірлерінде «Шаһзаман мырзаға» атты көлемді мақала жазып, онда: қазақ дыбыстарын білдірмейтін ؤ ح، ز، және жуан т,с сияқты араб таңбаларын қазақ алфавитіне енгізбеу керектігін, сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекші дейтін таңба (ء) қою қажеттігін дәлелдейді.
«Қазақ» газетінің 1913 жылғы 34-інші және әрі қарайғы сан- дарында «Жазу мәселесі» деген үлкен мақала жариялап, онда кейбір дауысты дыбыстарды (ى ى، ي، ؤ، و، ِ) таңбалау жайындағы өзінің пікірлерін айтады.
Әрі қарайғы ізденістерінде араб графикасын қазақ жазуы үшін былайша лайықтап алуды ұсынады: 1) Араб алфавитіндегі жуан дыбыстарының таңбаларын алмау. 2) Қазақ тіліндегі ы, е, и, о, у, у дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу;
3) К, г дыбыстарынан басқа дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін (яғни қазіргі ә, е, і, у дыбыстарымен айтылатындығын) білдіру үшін сөздің алдынан дәйекші таңба қою. Бұлайша түзілген алфавиттің сауат ашудың дыбыс жүйесі әдісіне сай келетіндігі байқалады.
А.Байтұрсынұлының араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы ешбір талассыз қабылдады, себебі Байтұрсынұлының ре- формасы қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сонымен қатар оның 1912 жылдардан бастап ұсынған, осы алфавитті негізге алған жаңа жазуы (ол
«Жаңа емле» деп аталды) іс жүзінде қолданыла бастады. 1915 жылы осы емлемен (жазумен) 15-тей қазақ кітабы басылып шығыпты және бұл жазуды («Жаңа емлені») 1912 жылдардан бастап мұсылман медреселері мен қазақ-орыс мектептері де қолданыпты.
«Жаңа емлені» А.Байтұрсынұлы әрі қарай қырнап, поли- графиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын салмақтайды. Сөйтіп, араб әріптері негізінде лайықтап жасалған қазақ графикасы 1924 жылы Орынборда маусымның 12-сінде басталған Қырғыз (қазақ) білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланады. Бұл съезде мынадай мәселелер қойылады: 1) Жазу ережелері (яғни орфография мәселелері); 2) Әліп-би (яғни алфавит) мәселесі;
3) Қазақша пән сөздер (яғни терминология); 4) Ауыз әдебиетін жию шаралары; 5) Оқу, ғылым кітаптарын көбейту шаралары; 6)Бастауыш мектептердің программасы.
А.Байтұрсынұлы реформалаған араб жазуы өз кезеңінде қазақ мәдени дүниесінде үлкен рөл атқарған. Қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына, баспа жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен, прогрессивтік құбылыс болды. А.Байтұрсынұлының бұл тәжірибесін сол кез- де өзге түркі халықтары, мысалы өзбектер мен татарлар үлгі тұтып, олар да өз жазуларына реформа жасайды.
А.Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш салған ғалым.