Ғұмар Қараш

28 Тамыз 2014, 11:42

ҒҰМАР ҚАРАШ

ҒҰМАР ҚАРАШ (1875, Бат. Қазақстан обл. Жәнібек ауд. — 12.4.1921, сонда) — ақын, қоғам қайраткері. Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қамқорлығымен ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. 1902 ж. өз ауылында бала оқытады. 1911 — 13 ж. “Қазақстан” газетінің жұмысына ат салысқан. Сол жылдары Орынбор қ-нда, Шәңгерей Бөкеевтің қамқорлығымен, ел аузынан жинаған әдеби мұраларды құрастырып, “Шайыр”, “Көксілдер” атты екі жинақ жариялайды. ұ. Қ-тың “Бала тұлпар” (Уфа, 1911), “Қарлығаш” (Қазан, 1911), “Тумыш” (Уфа, 1911), “Аға тұлпар” (Орынбор, 1914), “Тұрымтай” (Уфа, 1918), аталатын бес поэзиялық, “Ойға келген пікірлерім” (Орынбор, 1910), “Өрнек” (Уфа, 1911), “Бәдел хажы” (Қазан, 1913) дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген. ұ. Қ. өлең-толғауларында, көсемсөздері мен мақалаларында заман, өмір, дін-шариғат, табиғат, махаббат, т.б. мәселелер туралы толғанады, патша үкіметінің отарлаушылық саясатын, жергілікті әкімдердің екі жүзділігін сынап, халыққа адал қызмет етуге үндейді. Өз тілі мен мәдениетін сақтай отырып, ғылым, білімге ұмтылуды, мәдениетті елдерден үлгі алуды насихаттайды. Өлең, толғаулары филос. ой-пікірлерге бай, бейнелі, әсерлі. ұ. Қ. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін ұйымдасқан “Алаш” партиясына, Алашорда үкіметіне үлкен үмітпен қарап, “Алаштың азаматтарына” атты арман мен үмітке толы өлеңдерін жариялайды. ұ. Қ. қоғамды қан төгіспен, күшпен, зорлық-зомбылықпен өзгертуді қаламаған (“Неден қорқам?”, “Күн туды”). Бірақ амалсыздан кеңестік кезеңге икемделуге тура келгенін сезініп, рухани толғанысқа түседі. 1917 ж. мамырда Ордада өткен Бөкей қазақтарының жалпы съезіне, сол жы-лы 5—13 желтоқсанда Орынборда өткен 2-жалпықазақ съезіне қатысып, баяндама жасайды. 1918 ж. Ордадағы педтехникумда сабақ береді, Бөкей губ. мұғалімдерінің 1-съезіне (24 қыркүйек, 1918), 1918 — 20 ж. өткен Бөкей губ. кеңестерінің 1-, 2-, 3-, 4-съездеріне делегат болып қатысады. 1919 ж. Бөкей губаткомында қызмет істейді, коммунистік партия мүшелігіне өтеді. Қазақтың тұңғыш пед. журналы “Мұғалімге” басшылық етеді, сол журналда “Педагогика” атты еңбегін жариялайды. 1920 ж. Бөкей губаткомында бөлім басқарады. 1921 ж. 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде қарақшылар қолынан қаза табады. ұ. Қ. — 20 ғ-дың бас кезіндегі “Қазақ дұрыстығы”, “Қазақстан”, “Айқап”, “Дұрыстық жолы”, “Шора”, “Абай” сияқты газет, журналдарда “Бұл қай заман?”, “Тірішілік таласы”, “Тәнсіз жан жоқ”, “Жастарға”, “Әрине, күнелту керек”, “Ұлт және туған тіл”, “Әсер”, “Қазақтар хақында”, “Әйелдер хақында”, “Заң мәселесі”, “Жүгенсіздік адамға жол ма еді?”, т.б. мақалаларын жариялаған. ұ. Қ. шығармаларын “ұұмар Қараш баласы”, “ұұмар Қарашұлы”, “Ахунд ұұмар Қарашұлы”, “ұұмар әл-Қараши”, “Бөкей елінің бір баласы”, “ұұмар Қараш”, “ұ.Қ.”, “ұ. Мұштақ”, “ұабдолла Мұштақ”, “Оразақай”, “Қазақаев”, “ұұмар Қарашев” деген есімдермен жариялап отырған. ұ. шығармалары мектеп оқулықтарында, орыс тілінде жарық көрген “Қазақ поэзиясының антологиясы” (1958) мен “Қазақстан ақындары” (Ленинград, 1978) жинағында, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған. Өлең, толғаулары мен филос. ой-толғамдары және әңгіме, мақалалары 1994 ж. жарық көрді (“Замана”, Алматы, “ұылым” баспасы, 1994).

 

                                                                                                             Қазақ Энциклопедиясы

                                                                                                             Қ. Сыдиықұлы

 

 

 

 

 

 

Бөлісу: