«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ КИЕЛІ МҰРАСЫ» АТТЫ ЖАСТАР ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

15 Тамыз 2018, 05:58 2225

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» республикалық тарихи-экологиялық акциясын Батыс Қазақстан облысында сәтті аяқтады. 18 шілде күні Батыс өңірі бойынша Бөкейорда ауданындағы Хан Ордасында бастау алған акция, республикалық нысанға енген 6 киелі жерлерінде жалғасын тауып,  31 шілде «Рухани жаңғыру» мұражайында өз мәресіне жетті.

Акцияның мақсаты — ұлтымыздың киелі ескерткіштерін аралай отырып, тарихи маңызын арттыру, жаңа деректер жинастыру, жас ұрпаққа аманаттау. Осы істерді жүргізудің астарында қоғамдық маңызы бар мәдени мұраларымызды рухани құндылықтар ретінде насихаттау. Сол арқылы туған жерге, Отанға деген сезімді арттыру, халықтар достығын нығайту, ел мұрасын қорғау мен сақтау.

Экспедиция құрамында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоғамдық келісім» ұжымы, этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты төрағалары, студент-жастар мен БАҚ өкілдері болды.

Тамыз айының 1 жұлдызында Ақтөбе облысының Қобда ауданының қонысында «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы штабының мүшелері келесі эстафета кезеңін, оның символикасы болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының туын және фотоальбомын Ақтөбелік əріптестеріне табыстады. Сонымен қатар, естелік сый ретінде «Саурин Яр» картинасын тарту етті.       

«Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» республикалық тарихи-экологиялық акциясы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 5-9 мамыр аралығында Жеңіс күніне орай «Қамқор» атауымен өтті. Екінші кезеңде, яғни 28-37 мамыр аралығында «Тағзым» акциясы аясында саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынды. Еліміздің барлық аймағында өтіп жатқан акция 15-18 тамыз күндері «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы мүшелерінің қатысуымен Алматы облысында қорытындыланады.

 

 

Бөлісу: