«Ұлы Дала Елі» акция аясында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары жастарының кездесуі

23 Шілде 2018, 04:49 1914

Туған өлкенің тарихын, мәдени ерекшеліктерін, киелі жерлерін білу — әрбір қазақстандықтың міндеті. Бұл әсіресе жастар үшін маңызды, себебі мәдени мұраны сақтап қалу елдің болашақта дамуының негізі.

Ү.ж. 5 мамырда Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы ұйымдастырған  «Ұлы Дала Елі киелі мұрасы» республикалық тарихи-экологикалық акциясы басталды. Оның мақсаты болып киелі мұра ескерткіштерін сақтау және танымалдандыру, қоғамдық-маңызды әлеуметтік жобаларға жастарды қатыстыруға ықпал ететін  ортақ мәдени және рухани құндылықтар негізінде қазақстандық бірегейлік пен отансүйгіштікті нығайту.

17 шілделе Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының жастары акцияның рәміздерін беру мақсатында кедесті. Ақмолалық әріптестер солтүстікқазақстандықтарға «Қазақстан халқы Асаамблеясы» логтипімен туды, фотоальбом, сонымен қатар достық Үйіне естеліктер сыйлықтарды сыйға тартты.

Кездесу орны болып Айыртау ауданы кездейсоқ алынған жоқ, себебі оның тарихи естелік орындары Қазақстанның киелі картасына енгізілген. Осылайша, өңірдің қонақтары үшін Айыртау ауданының киелі орындарына тарихи-экологиялық саяхат ұйымдастырылды. Олар Айғаным үйінде, Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенінде, сонымен қатар «Ботай» мекенінде, оның бәрімен т.ғ.д., археология профессоры Виктор Зайберт таныстырды.

Бұл акциясының Қазақстан жастары үшін маңызы зор, бұл қазақстан жерінің тарихи ескерткіштерімен етене танысуға, халықтың материалдық «мұрасына» жақындасуға мүмкіндік береді.

Бөлісу: