«Өлкетану туған өлкені кешенді зерттеу ретінде» ғылыми-әдістемелік семинары

24 Қаңтар 2018, 10:18 2479

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ және облыстық музей бірлестігімен бірге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өлкетану туған өлкені кешенді зерттеу ретінде» ғылыми-әдістемелік семинарын өткізді.

Семинарға ғалымдар, өлкетанушылар, мектеп мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау офисінің өкілдері, СҚО әкімдігінің Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, мұрағат, музей, кітапхана өкілдері қатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігінің директоры Г.Б. Мұқышева сәлемдесу сөзімен шықты. Өз сөзінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы музейлердің жұмысына тоқталып өтті. Семинарға қатысушылар әр-түрлі тақырыптарды қозғады: Солтүстік Қазақстан облыстық мұражай бірлестігі қазіргі заманғы тарихты ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің маманы С.Д. Салмурзин Рухани жаңғырудағы өлкетану жұмыстарының маңызын айқындап өтті. СҚО бойынша «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау офисінің жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессоры Ыбраева Ақмарал Ғосманқызы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау офисінің шығармашылық шеберханасы жайлы айтып өтті. «СҚО әкімдігінің Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ тарихи-мәдени мұраны қорғау және заң жұмыстары бөлімінің бас маманы Ж.О. Баймұсенов «Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлері» тақырыбында баяндама оқыды. «Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаты» КММ директоры Мәлікова Сәуле Зейноллақызы және Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер Департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Э. Р. Валиулина « Мұрағат көздері мен материалдардағы туған өлке» тақырыбында баяндамада оқыды. «Краевед» облыстық клубының жетекшісі, С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ақпараттық-библиографиялық бөлімінің бас библиографы Ю.А. Пискунова «Шекаралық ынтымақтастық: шекарасыз өлкетану» тақырыбын, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасыныңпрофессоры, филология ғылымдарының докторы З.П. Табакова «Солтүстік Қазақстан облысы мектептеріндегі лингвоөлкетану» тақырыбын кеңінен ашты.

Семинардың қорытындысы ретінде музей бойынша шолу экскурсиясы.

Бөлісу: