«Əліпби құрылымындағы математикалық жүйе»

16 Қазан 2014, 07:55

Н.А.Самойловичтің «Түрік халықтарының əдебиеті» деген материалында ғалымның шыққан ортасы мен жасаған еңбектерін қамтыған биобиблиографиялық мəлімет – мемлекеттік мəртебесі бар мекеменің арнайы тапсырмасымен жазылған тарихи еңбек.

Н.А.Самойловичтің «Түрік халықтарының əдебиеті» деген материалында ғалымның шыққан ортасы мен жасаған еңбектерін қамтыған биобиблиографиялық мəлімет – мемлекеттік мəртебесі бар мекеменің арнайы тапсырмасымен жазылған тарихи еңбек. Бұл мақалада «А.Байтұрсынұлының отбасы, оқыған мектептері, ұлт үшін жасаған қызметтері, қайраткерлігі «қазақ тілі грамматикасы мен қазақ əдебиеті теориясының негізін қалаушы, қазақ тілі орфографиясының реформато- ры» деп оның атқарған қызметтерін қадап көрсеткен. Қысқаша мəліметте Ахметтің əкесі Байтұрсынның айдауда болғаны да қамтылған. «Қазақ» газетінің қазақтың жас ақындары мен жазушыларын  айналасына  үйіргенін,  басылымның  мақсаты – қазақ халқының қоғамдық-мəдени деңгейін көтеру  жəне оны ағартушылық жолмен іс жүзіне асыру болғанын жазған. А.Байтұрсынұлының əдеби қайраткерлігі 1901-1904 жылдары Крылов мысалдарын аударудан басталғанын, оның тілінде «өзіндік көркемдік пен поэтикалық мəнері қарапайым əрі жатық халықтық реңк басым десе, «Маса» жинағындағы өлеңдерінің негізгі мəні халықтың санасын ояту болды» дейді. Патшаның бодандық саясатына қарсы тұрған ақын деп, қайраткерлігін шағын анықтамаға өте шебер сыйғызған.

1924 жылы Қазақ əліпби жөнінде профессор Е.Д.Поливанов Ортаазия мемлекеттік университетінің бюллетінде жариялаған мақаласында: «...енді түзетуді қажет етпейтін, тарихи тұр- ғыдан алғанда кемелденген, жетілген ұлттық графика» – деп бағалайды.

Е.Поливановтың  қадау  сөздерін  түпнұсқасында  берсек:

«...эту последную форму, которую приняла казах-киргизская графика в 1924 году, я (…) считаю уже не нуждающейся в ис- правлениях и представляющей последний шаг в историческом формировании национальной графики, которым с полным пра- вом могут гордиться киргизские деятели просвещения – соз- датели реформы как крупным культурным завоеванием» дейді. Орыс ғалымы Ахаң түрлеп, ұсынған əліпбиді түзетуді қажет етпейтін, тарихи тұрғыдан қарағанда кемелденген, əрі жетілген ұлттық  графика  деп  танып,  ғылыми  тұрғыдан  бағалағанын мақтаныш   тұтуымыз   керек.   Профессордың   мақаласының маңызы – сол тұстағы қазақ əліпбиінің таңбасымен, жазылу ережесінің даулы тұстарын Байтұрсынұлы жүйесімен түгендеп, тоқтам жасаған тұжырымды еңбек болғанына, оның «…бұл реформа ең ірі мəдени жетістік» деген айшықты дəйектемесінің тарихилығында жатыр.

Ғалымға берілген осы бағаны отандастары қалай қабылдады?! Бұл жөнінде тұлғаның рухани шəкірттері бір жыл бұрын, 1923 жылы М.Əуезов, Т.Шонанов, Е.Омаров мақалаларында емле туралы бірі: «...Ақаң түрлеген ана тілі» десе, екіншісі:

«...Жаңа алфавит тіліміздің таза сақталуына, ...əлемдік мəдениетпен араласуға, ...халық мектептерінің өркендеу жолына алып адым жасағаны анық» деп, ал үшіншісі: «Қазақ əліпбиі» мен «Қазақ тілінің дыбыс жəне сөз жүйесі атты оқулықтарының өн бойына сыйғызған өзекті өзгерістерінің өзі қазақ грамматикасына бөлекше реңк əкелді» деп, өз тұсында қазақ жұртшылығы тарапынан зор қошеметтелгенін айтады.

1928 жылы жазылған Н.Ф.Яковлевтің «Əліпби құрылымындағы математикалық жүйе» атты мақаласының мəн-маңызын ашып, ғылыми айналымға түсіру – бүгінгі қазақ тілі ғылымындағы  лингвисттердің  еншісіндегі  міндет.  Дегенмен осы мақаланың Байтұрсынұлы əліпбиіне қатысты тұстарына тоқталсақ, мұнда зерттеуші Ахметтің əліпби түрлеу, түзу барысында «Үндестік заңын» толық сақтағанын, дыбыстарды жүйелеуде өте икемді қалып тапқанын айтады. Бұл мақала алғаш 1928 жылы «Шығыстың жазуы мен мəдениеті» журналында жарияланды.

 "Ел - шежіре"

Бөлісу: