«Әлі талай өз рекордтарымды жаңартамын» - Едіге Егемберді

15 Қыркүйек 2022, 18:06 2257

«Чемпион MEN» жобасының келесі кейіпкері - жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионы, 172 келіні бағындырып әлемдік рекорд орнатқан зілтемірші Едіге Егемберді. Едіге осы жазда Мексика елінде өткен жасөспірімдер арасындағы бәсекеде отандасымыз 73 келіде бақ сынады. Ел намысын қорғаған Едіге жұлқа көтеруде 134 келіні бағындырып, жалпы есепте топ бастады. Ал серпе көтеруде 172 келіні басынан асырды. 

«Мен осы спортта Илья Ильин ағамызға қарап бой түзедім, осы спортқа келуіме де себепші. Өкінішке орай Илья Ильин ағамыздың спорттағы лицензиясын, екі дүркін олимпияда чемпион атағынан айырылғаны. Енді біз сол ағамыздың орнын басамыз әліде екі-үш дүркін олимпиада шыңын бағындырамыз.»

Бөлісу: