ҰҚК елге заңсыз дәрі-дәрмек жеткізу арнасын жойды

28 Маусым 2022, 11:20 1175

Онкологиялық ауруларды емдеуге арналған өнімдердің үлкен партиясы айналымнан алынды

Шетелден жалған өндіріске қажетті шикізат ретінде көрсетілген дайын дәрілік заттардың ірі көлемінің (таблетка түрінде) контрабандалық жеткізу арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Онкологиялық ауруларды емдеу үшін республикамыздың медициналық мекемелеріне жіберетін коммерциялық ұйымдарға арналған контрафактілік өнімдердің үлкен партиясы айналымнан алынды. 2022 жылдың 24 маусымында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде шетелден жалған өндіріске қажетті шикізат ретінде көрсетілген дайын дәрілік заттардың ірі көлемінің (таблетка түрінде) контрабандалық жеткізу арнасының жолы кесілді», - делінген ақпаратта.

Онкологиялық ауруларды емдеу үшін республикамыздың медициналық мекемелеріне жіберетін коммерциялық ұйымдарға арналған контрафактілік өнімдердің үлкен партиясы айналымнан алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Бөлісу: