«Қазтеміртранс» филиалының директоры пара алды деген күдікпен ұсталды

16 Маусым 2022, 09:27 1575

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директоры кәсіпкерлерден жүк вагондарын кедергісіз және жедел бергені үшін пара алғаны әшкереленді, деп хабарлайды El.kz Антикорға сілтеме жасап.

«Күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Қорытынды шешімді сот қабылдайды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік,  19 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

Осы кездесуде Мемлекет басшысы бизнестің жұмысына заңсыз кедергі жасау мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қаралуға тиіс екенін атап өтіп, басым міндеттердің бірі – бизнеске қысым көрсету факторларын анықтаудың неғұрлым тиімді жүйесін құру екенін айтты.

Бөлісу: