ҚазЭҚХСУ-да ҚХА кафедрасы ашылады

30 Қыркүйек 2019, 16:07 2550

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде студенттер аудиториясына дәріс оқыды.


Хатшылық меңгерушісі кіріспе сөзінде Жастар жылы, келер жылғы Еріктілер жылына және т.б. атаулы даталардың маңыздылығына тоқтала кетті.

Л. Құсайынова тыңдаушылар назарын ҚХА құрылу тарихы мен құрылымына назар аудартты.

«Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы – тыныштығымыз бен бірлігіміздің белгісі. Ассамблеяның 24 жыл ішінде құрылымы кеңейіп, ауқымы арта түсті. 2014 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанынан «Қоғамдық келісім» КММ құрылды. Елордалық жоғарғы оқу орындары жанынан ҚХА кафедралары мен ғылыми-сараптамалық топтар ашылды. 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында «Достық үйі» пайдалануға берілді. Сондай-ақ, қаладағы Ассамблеяның құрылымдары берекелі бірлік пен ынтымақты тірліктің қалыптасуына, қоғамдық келісімнің нығаюына жұмыс жасап жатыр», - деді Л.Құсайынова.


Сонымен қатар, студенттер интерактив өткізіп, қызықты сұрақтарына жауап алды. «Әлеуметтік жұмыс» кафедрасының доценті Сәуле Сарбасова университет атынан елордалық Қазақстан халқы ассамблея ұжымына алғыс білдіріп, ҚазЭҚХСУ шаңырағында жақын арада ҚХА кафедрасы ашылатынын мәлімдеді.

Екіжақты ынтымақтастық нышаны белгісі ретінде Л. Құсайынова Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан ҚазЭҚХСУ ректоры С. Әбдіманаповқа мемлекет дамуына арналған құнды тарихи кітап пен бағалы естелік сыйлықты табыс етті.


Бөлісу: