«Қазаэронавигация» бас директоры Азат Бектұров қызметінен босатылды

24 Тамыз 2022, 12:59 1295

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәлімдеді

Азат Бектұров «Қазаэронавигация» бас директоры лауазымынан өз еркімен босатылды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы  Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді.

«2022 жылғы 23 тамызда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Азат Ғаббасұлы Бектұров басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен босатылды», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.
Бөлісу: