«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңіне қатысу үшін өтінімдер 10 қыркүйекке дейін қабылданады

22 Тамыз 2018, 03:00 2120

22 тамызда «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ-і «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңіне қатысты баспасөз-мәслихатын өткізді.

Жобаға қатысу туралы үміткерлердін өтініштері бқдан былай ассоциациялар, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар мен бірлестіктердің ұсыныстары арқылы  жүзеге асырылады.

Өтінім қабылдау ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейін  жалғасады. Өтініштерді арнайы жасақталған сарапшы топ зерттеп, лайықты деп танылған тізім el.kz сайтына  жарияланады. 20 қыркүйектен 10 қазанға дейін онлайн дауыс беру жүйесімен жалпыхалықтық дауыс беру қорытындысы арқылы жеңімпаздар есімі анықталады.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы  бірлесе «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын ұйымдастырып өткізуде.  

«Қазақстанның  100 жаңа есімі» жобасының мақсаты - бәсекеге қабілетті, Тәуелсіздік кезеңінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту болып саналады.

 

Бөлісу: