Қазақстанда коронавирустан 2 адам қайтыс болды

3 Тамыз 2022, 09:08 1235

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті

Елімізде коронавирустан 2 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, – деп хабарлайды El.kz.

 Министрлік 1 тамыздағы тәулік ішінде тіркелген мәліметті ұсынды. Оған сәйкес, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 33 жағдайы анықталды, өлім жағдайлары болған жоқ. 

Жалпы, пандемия басталғалы пневмониядан 5357 адам қайтыс болды. Ал коронавирустан 2 адам көз жұмды. 

Бүгінге дейін вирустан 13 666 адам көз жұмды. 3 тамыз таңында таратылған ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирустан 27 747 адам (–27 498+ және 249 КВИ-) емделіп жатыр.

 Олардың ішінде 1 505 пациент стационарда, 26 242 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында: - 32 адамның жағдайы ауыр; - 8 пациенттің жағдайы өте ауыр; - 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Бөлісу: