«Қазақстан Барысына» 25 млн теңге, жеңіл автокөлік пен Астанадан пәтер табыс етіледі

22 Маусым 2016, 05:43

«Қазақстан Барысы» 2016

Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы және «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының ұйымдастыруымен баспасөз конференциясы өтті.  

 

Пресс-конференция барысында спикерлер қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі финалының дайындық жұмыстары туралы, Федерацияның допингке қарсы саясаты жөнінде, қазақ күресінің ережесі мен балуандардың спорттық киіміне енгізілген өзгерістер туралы, сондай-ақ, Федерацияның 2016 жылға жоспарын талқылады.

 

Баспасөз конференциясына тұңғыш «Қазақстан Барысы» — Ұлан Рысқұл, екі дүркін «Қазақстан Барысы» жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының Қамқорлық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының президенті – Арман Шораев.

 

Арман Шораев, Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының президенті:

— Өздеріңіз білетіндей, іріктеу кезеңдері ауыл мен аудандардан басталды. Осылайша, 14 облыс, Астана және Алматы қалаларынан екі-екі балуан «Қазақстан барысы-2016» додасына өтті. Тағы бір айта кетерлігі, биыл тарихта бірінші рет әскери қызметкерлер арасында «Әскер барысы» турнирын өткізген едік. Соның жеңімпазы 33-інші балуан ретінде «Қазақстан барысы» турнирына қатысады. Биыл еліміздің экономикалық жағдайы қолайлы болмаса да, соған қарамастан бүкіл күшімізі салып, турнирдың бас демеушісі «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының арқасында жүлде қорымыз 42 млн теңгені құрап отыр. Соның ішіде, бірінші орын алған балуанға 25 млн теңге, жеңіл автокөлік пен Астанадан пәтер тігіп отырмыз.

 

Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі биыл алтыншы рет өткізіледі. Турнир төрт кезеңнен тұрады: аулдарда, аудандарда,облыстарда іріктеу кезеңдері мен турнир финалы. Қатысушылар саны 2011 жылдан бері алты есеге көбейді. Турнир финалына 34 балуан жолдама алады. «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы 3 шілде күні сағат 12:00-де Астана қаласының «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өткізіледі. 


Алмас САУДАНБАЙ 

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу: