«Қазақстан өнеріндегі әйел бейнесі»

5 Наурыз 2016, 10:03

ҚР Ұлттық музейінде Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының Суретшілер одағымен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстан өнеріндегі әйел бейнесі» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

ҚР Ұлттық музейінде Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының Суретшілер одағымен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстан өнеріндегі әйел бейнесі» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

 

Көрменің экспозициясын Леонид Леонтьев, Айша Ғалымбаева, Гулфайрус Исмаилова, Молдахмет Кенбаев, Салихитдин Айтбаев, Асхат Дінікеев, Бақытжан Әбішев, Мағауия Аманжолов, Нелли Бубэ секілді қазақстандық бейнелеу өнерінің қайраткерлерімен қатар Евгений Фридлин, Ақтоты Смағұлова, Қанат Нұрбатыров т.б жас суретшілердің туындылары көрсетілді.

Ж. Таймағамбетов: Сонау, тас дәуірінде адамдар ең алғаш тасқа әйел адамның суретін салған. Ойлаңыздаршы, одан бері жиырма бес мың жыл уақыт өтті. Осы уақыт аралығында әйел заты суретшілердің шыбыты болып келеді. Міне, біз бүгін осы аяулы жандардың құрметіне «Қазақстан өнеріндегі әйел бейнесі» деген көрмені ұсынып отырмыз. Көрмеге келгендеріңізге үлкен алғыс білдіреміз!

Камил Муллашев: Менің шығармашылығымда әйел образы үлкен орын алады.  Ол бір шексіз нәрсе. Қанша тереңдесең де түбіне жете алмайсың. Бұл құпияның шешімін іздеп қаншама ақын – жазушылар, суретшілер еңбек етті. Алайда, менің ойымша әйел образы әлі күнге ашылмаған құпия болып қала береді.

Аналар, әжелер, ақындар, сауыншылар, тракторшылар, мұғалімдер, әншілер, әртістер, үй шаруасындағы әйелдер салынған әйелдер бейнесінің галереясы Қазақстанның бейнелеу өнерінде әйел бейнесі тақырыбы алуан түрлі екенін дәлелдейді. Әйелді құрметтеуге, онымен мақтануға және аялауға шақырады.   


Рустем ӘЛПИ

Суреттерді түсірген Нұрбек Әлманбетов

Бөлісу: