7 Тамыз 2015, 04:48
АҚШ-тың Вашингтон қаласында «Қазақ хандығына 550 жыл» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлап отыр.
Джордж Вашингтон университетінде ұйымдастырылған тұсаукесер рәсімінде Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшісі Қайрат Омаров, Джордж Вашингтон Университеті Орталық Азия бағдарламасының директоры Марлен Ларуель және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет университетінің бас директоры Андрей Хазбулатов қатысушыларға арналған құттықтау сөз сөйледі.
Деректі фильм Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих ағымында» кітабының негізінде түсірілген. Фильм режиссері - Бақыт Қайырбеков, жобаның атқарушы продюсері - Андрей Хазбулатов.
«Қазақ хандығына 550 жыл» фильмі Қазақ хандығының құрылу тарихына арналған. Ол көне және орта ғасырлардағы Шығыс Азия мен Ұлы Жібек жолы, монғол шапқыншылығы мен әлемнің геосаяси бөлінуі, қазақ халқын жаулап алу тарихнамасы, Шыңғысхан мұрагерлерінің арасындағы талас, 1465 жылы алғашқы дербес Қазақ хандығының құрылуы туралы баяндайды. Сонымен қатар кинофильмде Керей және Жәнібек, олардың ұлдары Қасым және Бұрындық билігі туралы жаңа деректері орын алған.
Екі бөлімнің көрсетілімі ағылшын тілінде өтті. Шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
«Мен деректі фильмнің сапасы мен онда көрсетілген Қазақстан тарихына тәнті болдым. Бұл көптеген тарихи фактілерді жинауға мүмкіндік берген «Мәдени мұра» бағдарламасының жарқын қорытындысы болып табылады», – дейді Вашингтон университетінің профессоры Марлен Ларуэль.
Фильмнің бірінші бөлімі түркі тілдерінің басым бөлігінің негізін қалаған қыпшақ тілінің даму тарихына арналады. Осыдан 700 жыл бұрын Алтай мен Дунай өңірлерін мекен еткен халықтар, тіпті Сұлтан Бейбарыс басшылық еткен Мысыр елінің халқы да қыпшақ тілінде сөйлейтін.
Фильмнің екінші бөлімі «Codex Cumanicus» атты бірден-бір сирек кездесетін туындыға арналады (шығарма атауы қазақ тілінде «Қыпшақтар кітабі» деген мағынаны білдіреді). Оны Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті ақыны Франческо Петрарка Венециандық кітапханаға 1362 жылы сыйға тартып, қазіргі күні туынды Венециядағы Марчиана кітапханасында сақталуда. «Кодекс Куманикус» - XIV ғасырдың басындағы кұман (ескі қыпшақ) тілінің белгілі дереккөзі. Оның тіл мамандары және тарихшылар үшін құндылығы зор.
Іс-шара әлеуметтік, мәдени және академиялық топтарының 100-ден астам өкілдерінің басын қосып, америкалық аудитория тарапынан зор қызығушылық тудырды.
Смитсон институтының Азия мәдениеті және тарихы бағдарламасының директоры Пол Тейлор: «Мен осы жобаның дамуын мұқият бақылап жүрмін. Оның нәтижелері маған зор әсерін тигізді. Қазақстандық достарымды Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтаймын. Тарихи қолжазбаларды зерттеуге құмарым бар, бұл іс Смитсон мұражайларындағы қызметіме жақын», - деп айтты.
Дж. Вашингтон университетінің профессорі Марлен Лаурель: «Фильмнің сапасы мен онда баяндалған Қазақстанның тарихы мені таңғалдырды. Зор тарихи деректерді жинақтаған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда деп атап өткім келеді», - деді.
Америкалық продюсер, GPC компаниясының өкілі Реймонд Чавез «Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған деректі фильмдер тек қазақ халқы үшін ғана емес, дүниежүзі деңгейінде зор маңызға ие. Бүгінгі күннің өзінде Қазақстанның Еуропа мен Азия арасының жақындасуында, Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруында рөлі ерекше», - деп атап өтті.
Сценарийдің авторы және жоба режиссері қазақ деректі фильмдерінің шебері, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Бақыт Қайырбеков, ал продюсер ретінде Қазақ ғылыми-зерттеу институтының директоры Андрей Хазбулатов болды.
Фильм көрсетілімінің алдында А. Хазбулатов сөз сөйлеп, оның шығарылу тарихы мен жалпы жобаның мақсаты туралы баяндап берді. Жоба шеңберінде қазақ мемлекеттілігінің ежелгі ғасырлардан қазіргі заманға дейінгі даму тарихын баяндайтын он кинолентаның көрсетілімі жоспарланған. Жоба тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабына негізделген.
Тұсаукесері Вашигтонда өткен «Дешті-Қыпшақ: құпия белгілер» атты жобаның алғаш фильмінің келесі көрсетілімі Нью-Йорк қаласында 10 тамызға жоспарланған.