"Қазақ атының ең алғаш хатқа түсірілуі"

16 Қазан 2014, 05:43

Бұған илансақ, онда қазақ атының ең алғаш хатқа түсірілуі 2100 жылдың алдындағы іс болады.

Б.з.б. 216-197 жылдар. Армиян жазушысы Мұса Харенидің айтуынша,қазақтар біздің заманымыздан көп бұрын, Иран патшасы Валеристің кезінде Кур өзенінің оңтүстік жағасын қоныстап отырған екен . Б.з.б. І ғасыр. Беделді ғалымдар ұжымының еңбегі «Қазақтың қысқаша тарихында» былай делініпті: “ «Уейлюе» дейтін кітапта, “Иансай елінің тағы бір аты - Алан” десе, «Соңғы таңнама. Батыс өңір баяны»: “Иансай мемлекеті атын Аланлу ( Аланляу) дегенге өзгертті. Тұрған жерімен Қаңлыға қарайды” депті. Иансай мен алан бір жерде отырған екі тайпаның аты болар. Бұл жердегілер Иансай тайпасы күшейгенде Иансай атанып, алан тайпасы күшейгенде алан атанған секілді. “Иансай” деген дыбыстас, qazaq дегенге таяу. Сондықтан “Иансай” деген qazaq дегеннің Хəн əулеті кезіндегі аудармасы секілді. Иансай Қаңлыға іргелес отырған. Ал, Қаңлы - қазақ ішіндегі ірі тайпалардың бірі. Демек, “қазақ” деген аттың өзгеру формасы: иансай - аса, кыса, хыса, хазар - қазақ. «Тарихи жазбалардың» авторы Сыма Чян - қазақ ұлтының атын ең ерте хатқа түсіруші”.

Бұған илансақ, онда қазақ атының ең алғаш хатқа түсірілуі 2100 жылдың алдындағы іс болады. Ал бергі деректердің ішінде, “Қазақтардың астанасы мен ханының тұрар жері Еділ. “Қазақтар ханын тархан, қаған дейді... Ханы жəне барлық əскері осы қаланың батыс жақ жарымында тұрады. Бір қорғаны бар. Бұл қаланың былайғы жарымында мұсылмандар мен бұдқа табынатындар тұрады. Бұл қаладағы ханның жеті ұлығы бар. Əр біреуі жеті дінге табынатындардың бірін басқарады... Қазақтар жауынгер келеді, қаруы көп. Қазақ ханының ауқатты тұрмысы мен қазынасының дені кедендік салықтан түседі” делінген.

Академик Серғали Толыбеков бұдан да ілгерілей түсіп, “Ағач əрі” атты ел, ғұндар құрамында болып, одан бөлініп, “акацирлер” деген атпен Кавказ тауының солтүстігіне орнығып, көбейіп, кейін “хазар” – көшпелілер (қазақ тіліндегі “кезер” дегенге таяп тұр! - С. Ж. ) деген атпен Хазар қағанатын құрған. “Ағач ері” – ағаш елі, орман елі деген ұғымнан шығып тұр”[614] дейді, Гадло А. В. дегеннің «Этническая история Севернего Кавказа . Л. , 1979, с. 15» деген еңбегінен тіліне тиек ала. Бұл арадағы “акацирлер” деген - “Ағач ерлер” (ағашты жердің елі) дегеннің бұзыла айтылуы жəне бұл да, “хазар” – көшпелілер (кезерлер) деген де - өзгенің түрік тілді халық атын (кезінде орыстардың қазақты “кайсақ” дегені сықылды) бұрмалап атауы. Ендеше жоғарыдағы “Қазақтар араб- тар келмей тұрып Арал, Каспий теңізінің төңірегінде хазарлармен байланысты болған. Н. Я. Марр мен Б. Грузни келтірген “қаз”, “хаз” сөзі екеуіне бірдей” де- генге кəміл сеніп, тек Хазар саналып қана жүрген қазаққа да тəн екеніне кəміл сене беріңіз. Дегенмен ол замандағы  деп жазылып жүрген қазақ-хазар бүгінгі қазақ тайпаларының бəрін қамти қоймаған шығар, əрине.

Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"

Бөлісу: