«Қан тапсыр, өмір сыйла!» акциясы өтеді

14 Қараша 2019, 12:40 2284

16 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесе отырып, донорлар қатарына кіруге және «Қан тапсыр, өмір сыйла!» акциясына қатысуға шақырады.

Донор болу – біреудің өміріне мүмкіндік беру болып саналады. Өйткені, қан азаматтар денсаулығының өте маңызды элементі екені мәлім.

Бұл акцияға талапқа қарсы көрсеткіштері жоқ, жасы 18-ге толған тұрғындар қатыса алады.

Акция 2019 жылғы 16 қарашада сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін елордалық Достық үйінде (Б. Момышұлы даңғылы, 24\9) өтеді. Өзіңізбен бірге жеке құжатыңыздың болуы керек.

 

БАҚ алдын ала тіркелуден өтуі тиіс

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Тел. 48 19 46 / + 7 776 266 47 37 Жансая Играшина

e-mail: kguast@mail.ru

Бөлісу: