Алматыдағы қаңтар оқиғасына арналған фильм Беларусь астанасындағы фестивальдің шорт парағына енді.
Қазақстан президентінің телерадиокешені "Қаңтар қасіреті" деректі фильмін жарыққа шығарды, деп хабарлайды Экспресс К.
Фильм жуықта Минскіде аяқталған ТМД елдерінің "Еуразия.DOC" деректі фильмдер фестивалінде "Тақырыптың өзектілігі үшін" арнайы дипломымен марапатталды.
Алматыдағы қаңтар оқиғасына арналған фильм Беларусь астанасындағы фестивальдің шорт парағына енді.
Сценариін Бауыржан Сабырбеков жазды, режиссерлік жұмысты Серік Ыбырайым атқарды, қайғылы оқиғаның кадрларын операторлар Дәурен Зарипов пен Саят Жайтіков түсірген, музыкалық-дыбыстық дизайнын Талғат Құсман жасады.
"Еуразия.DOC" 2022 қысқа бағдарламасына 32 деректі фильм енді.