АМӨЗ-дің экс-бас директорынының ісін қайта қарау кезінде сот тағы айыппұл салды
Атырау облыстық соты 2024 жылдың қарашасында Атырау қаласының №2 сотының «АМӨЗ» ЖШС-нің бұрынғы бас директорына қатысты шығарған үкімін қайта қарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Ақжайықтың" жазуынша, Досмұратов кінәлі деп танылғанымен, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылған. Сондай-ақ мемлекет пайдасына одан 2 миллиард теңге өтемақы өндірілді. Бұрынғы директордың мердігер ЖШС-нің кепілдік міндеттемелері аясында 2 млрд теңге шамасында жылу алмастырғышты жөндеу жұмыстарын сатып алуға тендер жариялағаны үшін сотталғаны белгілі. Айыптаушы тараптың пікірінше, бұл негізсіз болған.
Облыстық сот алқасының қаулысымен Досмұратовтың үкімі ескіру мерзімі өтпегендіктен өзгертілді. Нәтижесінде, сотталушыға 2 миллиард сомаға қосымша Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі бойынша 6,9 миллион теңге көлемінде тағы айыппұл тағайындалды. Үкімнің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.