АММАНДАҒЫ АДАЙЛАР
Ираннан Меккені аңсап Иорданияға (Үрдін) қоныс тепкен Сүйеп Алтын Жаппас дүние салған соң əулеттері сол елде өмір кешіп келеді. Бердəулет Жаман Адай қазіргі кезде өзі Түркияда ал, əулеттері болса Иордания (Үрдін) мен Қазақстанда тұрады. Кеңес зұлматы қазақтарды тамырынан жұлып тарыдай бүкіл əлемге шашты, қасірет пен сағынышқа буды.
Иран мемлекеті қазақтар көшкен 1929-1933 жылдары дүниежүзілік екінші соғыстың қарсаңында саяси-экономикалық шиленісті жағдайда болды. Өйткені бұл жылдары əлем елдерінің саяси-экономикалық бағытына ықпал етуші Америка, Еуропада Германия сынды ұлы державалар пайда болды. Бұл құбылыс кеңестік жаңа күштің белсендігінің арта түскен кезеңімен тұспа тұс келген-ді. Иранның мұнай мен қазба байлықтарымен қоса таяу шығыста стратегиялық ерекше орынға ие мемлекет болғандықтан жаңа ұлы державалардың кез-келгені Иран саясатына ықпал жасауға мүдделі еді. Сондықтан сырт күштер белгілі дəрежеде Иранның ішкі істеріне араласуды көздеді. Отаршыл күштерінің кəрі қасқыры атанып жүрген Ұлыбритания Реза Пəһлевиді қолдаса, Кеңес үкіметі Иранның коммунистік «туде» партиясының көсемдерін қолдағандықтан Иранның ішкі саясатына араласа бастады. Коммунист еліне қарсы Иранның діншіл жəне ұлтшыл саяси топтары саяси жəне қарулы іс-əрекеттерімен де Иранды сыртқы күштердің ықпалынан аман сақтап қалуды көздеді. Мəселен Иранның ормандық қозғалысының саяси бағыты: «Біз ең бірінші, Иран мемлекетінің тəуелсіздігін жақтаймыз. Ешбір шетелдіктер араласпайтындай нағыз еркіндікті көздейміз. Мемлекетке реформа жасап, парақорлықты жоюды мақсат етеміз. Өйткені, елдегі барлық пəле осы парақорлықта жатыр. Біз барлық мұсылмандардың бірігуін жақтаймыз. Осы идеяға барлық ирандықтардың бірігуін сұраймыз» деп саяси мақсатын анықтап жариялаған бола- тын. Сыртқы күштердің Иранның ішкі саясатына араласуы иранның ішкі саяси ахуалын шиеленістіріп, экономикалық жағдайын дағдарысқа итермелеп отырды. Сондықтан елдің қоғамдық қатынастарының тұрақтылығы бұзылған-ды. Бірақ та, Иран мұсылман елі болғандықтан белгілі дəрежеде имандылық адамдарды рухани дағдарыстан сақтай білді. Сондықтан қоғамдағы азаматтар арасындағы қақтығыстар мен келіспеушіліктер көбінесе иманды жандардың араласуының арқасында тиісті шешімін тауып тұрды.
Иран жерінде біршама тұрақтап, табан тіреген соң тұрмыс-тіршіліктері оңай болмай тұрса да қариялардың ойында мұсылмандық парыз ғибадаттарын өтеу болды. Олар əуелбастан намаз оқып, ораза ұстап əр түрлі ислам дініне тиісті міндеттерін барынша орындап жүрді. Сондай табандылықтың арқасында Бəндəршаһ қаласының оңтүстік қазақ махалласында 1950 жылдары марқұм Самарқан Ахунд Бəлидің бастамасымен көпшіліктің арқасында мешіт салынды. Бұл қазақтардың алғашқы Сұнни Хəнəфи Мəзһабы мешіті болды. Мешіт оның тұңғыш бас имамы Самарқан Ахундтың есімімен аталды. Қазірге дейін аталмыш мешіт ғимараты мұсылман қауымға қызмет көрсетіп келе жатар. Кейінгі жылдар Бəндəр-Түркімен, Горган, Гүмбез-Қауыс үш қаладағы алты қазақ ауылында бір - екіден мұсылман сұннилерге арналған мешіттер қазақ қауымының қаржысымен салынды. Себебі үлкендер мешіт имандылықпен қатар ата-бабаларымыздың дінін сақтап қалуға үлкен роль атқаратынын ұдайы ескеріп жүретін. Кəриялар ұрпақтарына ата дініңізді біліп жүріңіз деген ниетпен Горган қаласындағы мешітті «Əбуханифа» мешіті деп атады.