«Әміре Қашаубаевтың ұрпағы ма?»: «Балқадишаны» орындаған ер адам көпшілікті таңғалдырды

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
07.11.2023 13:08
1471
Әлеуметтік желіде жұртшылық алдында Ақан Серінің «Балқадишасын» нақышына келтіріп тұрып орындаған әншінің видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көпшілік таңданысын жасыра алмай, мақтау сөзді жаудырған:
«Әміренің ұрпағы ма?», «Әміре Қашаубаевты тыңдағандай болдық», «Не деген дауыс, керемет! Нағыз жұлдыз болатын адам ғой», «Керемет, бұл әнді Әміреден кейін дәл бұлай ешкім айтқан жоқ шығар, бәрекелді, «ел іші - өнер кеніші» деген осындай болар», - деп пікір білдіруде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Шын мәнінде, видеодағы орындаушы - Дінислам Жайлаубай деген дәстүрлі әнші. Ол бұған дейін де талай сахнада жұртшылықты тамсандырып жүрген.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Әкім 12 жастағы мектеп оқушысын көлігімен қағып өлтірді
Келесі жаңалық
Қызылорда облысында жол жабылды