Жаңалықтар

Америкалықтардың 70 пайызы Трампқа өкпелі - сауалнама

Америкалықтардың 70 пайызы Трампқа өкпелі - сауалнама
Фото: Getty Images 13.03.2025 14:24 372

АҚШ азаматтарының шамамен 70 пайызы президент Дональд Трамп енгізген тарифтердің азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларының қымбаттауына әкеледі деп күтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ipsos және Reuters агенттігі жүргізген сауалнама нәтижелері көрсетіп отыр.

Сауалнама қорытындысына сәйкес, америкалықтардың 57%-ы Трамптың экономикалық саясатын тым тұрақсыз деп санайды.

Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 70%-ы, оның ішінде 10 демократтың 9-ы және 10 республикашының 6-ы тарифтердің өсуі азық-түлік пен басқа да күнделікті қажеттіліктердің қымбаттауына алып келеді деп есептейді, – деп хабарлайды Reuters.

Зерттеу 11-12 наурыз аралығында 18 жастан асқан 1,4 мыңнан астам америкалықтың қатысуымен жүргізілген. Статистикалық қателік 3 пайыздық пунктті құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға