Жаңалықтар

Америкалық мәнерлеп сырғанаушы ұшақ апатынан аман қалды

Америкалық мәнерлеп сырғанаушы ұшақ апатынан аман қалды
Фото: Jurij Kodrun/Getty Images 30.01.2025 18:40 175

Вашингтонда жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақ соқтығысқан төтенше оқиға кезінде белгілі спортшы өлімнен аман қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Америкалық мәнерлеп сырғанаушы Джон Маравилланың дәл осы әуе рейсімен ұшуы керек болған, алайда оны үй жануарына байланысты ұшаққа отырғызбаған. Осылайша, спортшы бір өлімнен аман қалған

Бастапқыда қатты ашуландым, бірақ кейін бұл мен үшін үлкен сәттілік болғанын түсіндім. Қатты күйзеліп тұрмын, себебі бортта болған жолаушылар мен экипаж мүшелері үшін алаңдаймын, – деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

30 қаңтарға қараған түні АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы Рональд Рейган атындағы ұлттық әуежай маңында жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақ әуеде соқтығысып, әуе кемесі Потомак өзеніне  құлаған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жолаушылар лайнері әуеге көтерілген сәтте әскери тікұшақпен соқтығысқан. Нәтижесінде екі әуе көлігі де басқарудан шығып, суға құлаған. Құтқару қызметтері апат орнына дереу жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады. Әзірге 18 адамның денесі табылғаны белгілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға