Жаңалықтар

Амазон өзенінің үстінде жолаушылар мінген ұшақ жоғалып кетті

Амазон өзенінің үстінде жолаушылар мінген ұшақ жоғалып кетті
Фото: © Freepik.com 02.05.2025 14:20 399

Боливияда Амазон аумағында радарлардан жоғалып кеткен ұшақты іздеуге байланысты ауқымды құтқару операциясы басталды,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Боливия президенті Луис Арсе әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдегендей, жоғалған Cessna 172CP үлгісіндегі жеңіл ұшақ бортында бес адам, соның ішінде бір бала болған.

Біз Боливияның Әскери-әуе күштерін (FAB), Төтенше жағдайларға әрекет ету жөніндегі біріккен командалық құрылымды және іздестіру-құтқару қызметтерін дереу жұмылдыру туралы тапсырма бердік, – деп жазды мемлекет басшысы.

Іздестіру жұмыстары Амазон ормандарының қиын табиғи жағдайында жүргізілуде. Жергілікті билік жоғалған жолаушыларды аман-есен табуға үміт артып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға