Жаңалықтар

Аманжол Әлтай: Жылқының бағасы доңыздан төмен

Аманжол Әлтай: Жылқының бағасы доңыздан төмен
Фото: t.me/mazhilis_kz 24.06.2024 11:33 1987

Депутат Аманжол Әлтай төрт түліктің төресі жылқының бағасы доңыздан төмен, ал жылқының сүті ешқандай бағалаусыз-бағасыз болып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісмен жылқы сүтін өндіру және оны тереңдетіп өңдеу арқылы қазақ халқының брендіне айналдыруға мүмкіндік барын айтты.

Елімізде Молодежныйдағы шағын зауытты қоспағанда, жылқы сүтін өңдейтін бір де бір зауыт жоқ. Жылқы сүтін өңдейтін зауыт салу жоспарда бар ма? – деп сұрады депутат.

Аталған сауалға ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шынында да саумалды өткізу жағы ақсап тұрғанын айтты.

Әр облыста бие сауып, онымен айналысып жатқан біраз азамат бар. Бірақ олар саумалды Еуропаға өткізу мәселе болып отырғанын айтуда. Қазір Қытайға өткізу жағын қарастырып жатырмыз. Сұраныс болса, зауыт салуға ниет білдірген біраз адамдар бар, – деді Сапаров.

Айта кетейік, биыл жылқының басы 4 миллионға көбейген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға