Жаңалықтар

Амангелдінің ізі бойынша

Амангелдінің ізі бойынша
13.08.2018 05:58 1512

Облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы «Ұлы Дала Елінің қасиетті мұрасы» орындары бойынша экспедицияны жалғастыруда.

«Жаңғыру жолы» Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қозғалысының  аясында, Амангелді ауданының базасында «Ұлы Дала Елінің қасиетті мұрасы» атты республикалық акциясының үшінші кезеңі өтті.

Іс-шараның мақсаты қоғамдық маңызды жобаларды іске асыруға жастардың қатысуына жәрдемдесетін, жалпы мәдени және рухани құндылықтар негізінде қасиетті мұраның ескерткіштерін сақтау және дәріптеу, қазақстандық бірдейлік пен патриотизмді нығайту.

Экспедицияға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Жаңғыру жолы» РЖҚ, мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының өкілдері, жастар, аудан орталығының тұрғындары, өлкетанушылар, қоғамдық пікірдің бастамашылары  қатысты.

Іс-шара барысында Амангелді Имановтың 145 жылдығына арналған тақырыптық кездесулер өткізілді, Кейкі батырды еске алу кездесулері ұйымдастырылды, сондай-ақ естен кетпес жерлерде экосенбіліктер  ұйымдастырылды.


 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға